Өндірістік аймақ азық-түлік өнімдерін шығаратын жергілікті тауарөндірушілерге таптырмас мүмкіндік. Бұл жерде кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Орталық көлемі 2000 шаршы метр. 10-нан астам кәсіпкер орналаса алады. Ғимараттағы павильондарды жалға алу ақысы жеңілдікпен ұсынылады.

Аталған өндірістік аймаққа орналасатын кәсіпкерлер бизнесіне қажет құрал-жабдыққа «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жеңілдікпен 3% көлемінде несие ала алады. Кепілге қойылатын мүлкі болмаған жағдайда лизингке алу қарастырылады.

Сондай-ақ, шығарған өнімдерін Сол жағалауда жақын күндері қызметін бастайтын коммуналдық сауда орталығы арқылы халыққа сатуына болады.

Келіңіздер, тамаша мүмкіндікті қолдануға асығыңыздар.

Қосымша сұрақтар бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына жүгінуге болады. Байланыс нөмірлері:

+7 776 886 3388

40-03-60

40-02-37

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!