Қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысы құрылыс секторында жоғары өсу қарқынын қамтамасыз етіп, республика бойынша 1-ші орынға шықты. Сондай-ақ, Сыр өңірі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша үздіктер қатарында. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.Ұлттық экономика министрі жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, оның ішінде Қызылорда облысының ілгерілеу динамикасын атап өтті.«Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1%-ға ұлғайды. Әсіресе, Қызылорда, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жоғары өсу қарқыны байқалды», – деді ведомство басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!