Қызылорда қаласында синтетикалық есірткіні таратқан курьер қолға түсті
Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлері сауда үйінің алдында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі таратқан ер адамды қолға түсірді. Одан пирролидиновалерофенон есірткі заты тәркіленді.
«Күдікті мобильдік қосымша арқылы тапсырыс алып, есірткіні қала аумағындағы белгілі бір жерлерге жасырып кетіп отырған. Полицейлер оны «синтетиканы» жасырын жерге қалдырып жатқан жерінен ұстады. Айғақзат ретінде күдіктіден синтетикалық заты бар 13 орама алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!