Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабы, 1-тармағында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде – жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға міндетті екені көрсетілген.

Осы орайда, заң талаптарын сақтамай жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отқан 46 жер учаскесінің меншік иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мәселен, Қызылорда қаласы бойынша Қорқыт ата, Мұстафа Шоқай, Төле би, Әбілхайыр хан көшелерімен жанасып орналасқан кәсіпкерлік ретінде пайдаланған ғимараттардың жер учаскелерінің пайдалану мақсаты тұрғын үй құрылысы үшін арналған.

Аралау барысында аталған меншік иелеріне жер учаскесін кәсіпкерлік ретінде ауыстыру және ол үшін қандай құжаттар ұсыну қажеттілігі түсіндірілді.Нақтылап өтсек, жердің нысаналы мақсатын ауыстыру үшін бекітілген нысандағы өтінішке қосымша ретінде төмендегі құжаттар электронды түрде жолдануы тиіс:

1) Жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты (жер актісі);

2) Қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі.Әрі қарай, азаматтардан түскен өтініштер Кодекстің 49-1-бабының талаптары негізінде жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі айқындалған соң, жер комиссиясында қаралады.Егерде, жер учаскесін мақсатына сәйкес пайдаланбаған жағдайда Кодекстің 93-бабы, 3-тармағының 1)-тармақшасында Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылатындығы көзделген.Жоғарыдағылардың негізінде жер учаскесін қазіргі мақсатты пайдаланылуына сәйкестендіру бағытында меншік иесі тарапынан �5(бес) жұмыс күн ішінде мақсатын өзгертуге өтініш білдірілмеген жағдайда әкімшілік шара қолдану үшін құзырлы органдарға жолданады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!