Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданының тұрғыны Айжан Құлшар шетінеп кеткен сәбиінің мүрдесін таппай қалған. Аяна атты ерекше сәбиді мерзімінен бұрын босанған екен. Бастапқыда мамандардың айтуымен жас ана бөбегін жан сақтау бөліміне тастап кетеді. Кейіннен Айжан баласының жүрегі тоқтағанын естейді. Жас ананың айтуынша, сәбидің өлі денесін басқа біреулерге берген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Сәби 27 аптасында өмірге келген. Баланы Қазалы ауданында босанған. Жас ана сол кездегі жағдайына қарай аудандағы ауруханда қалған, ал баланы облысқа емделуге жедел жіберген екен. Аяна небәрі 4 ай 20 күн өмір сүрген. Анасы қызының жүрегі тоқтағанын қыркүйектің басында естіген.
«Біздің облыстық балалар ауруханасына 14 сәуір 2023 жылы туылған науқас бала 22 маусым 2023 жылы келіп түсті. Баланың жағдайына байланысты реанимацияға жатқыздық. 3 қыркүйекте бала шетінеді. 2020 жылдың 14 желтоқсанда шыққан 259 бұйрыққа байланысты бір жасқа толмаған балалар шетінеген уақытта біз оны патологоанатомиялық зерделеуге жібердік»,- дейді облыстық балалар ауруханасының Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Айжарықова.
Жас ана алып кетуге барғанда мәйітті басқа біреудің әкеткенін айтқан. Басшылар жас анамен оның туыстарының сұрақтарына жауап беруге асықпаған. Кейіннен «әкесімін» деп таныстырған ер азамат алып кеткенін хабарлаған. Сол жерде тексеріп кім екеніні білуге бейнекамераны қарағанда ол істемейтін болып шыққан. Салғырттықтың кесірінен екі мәйіттің ауысып, қыз баланың мәйітінің басқа адамға берілуі мүмкін екенін айтқан.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Мая Мирзанова бұл оқиғадан хабардар екенін, қызметкерлерлің қателік жібергенін және сол үшін қызметінен босатылғанын айтты. Енді жіті бақылдауда болады деді ол. Негізінен бәрі құжат арқылы жүргізіледі, бірақ шатасып әкеткен адам өзін әкесі ретінде растап алып кеткен дейді.
Ал, полиция бұл іске қатысты жауапты адамдарды тергеу жүрзілуде екенін хабарлады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!