2023 жылы 2 мамыр күні сағат 22:50 шамасында Қызылорда қаласындағы орталық көшелердің қиылысында 3 автокөлік Тасбөгет кентіне қарай бағыт алу барысында жол жүру ережесін бұзып, жол кептелісін жасаған.


Аталған құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнекамерасына түсіп, тиісінше жедел түрде патрульдік полиция бекеттеріне бағыт-бағдар берілді.


Полиция қызметкерлерімен оқиға орнында үш көліктің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік шара көрілді.


Оның ішінде Ваз 2107 маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 5-бөлігімен (көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу); 593-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау) хаттамалар толтырылып, құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.


Мерседес маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 615-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылды.


Ал, БМВ маркалы автокөлігіне 593-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау); 615-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзу) хаттамалар толтырылып, әкімшілік шара көрілді.

Талдау көрсеткендей, жол – көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жылдамдық режимін сақтамау және қозғалыстың қарсы бағытына шығу. Осы ретте Қызылорда облысының Полиция департаменті жүргізушілерден өзінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!