Қызылорда облысында бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды.

Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салды. ​Іздестіру жұмыстарын бірнеше күн жүргізілді. Жасөспірім қала орталығынан аман-есен табылып, ата-анасына табысталды», – делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған жасөспірім екі қыз Шымкенттен табылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!