Қызылорда облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден кұлап кеткен. Олардың 1-уі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл облыста ата-анасының бақылауынсыз қалуы салдарынан 10 бала терезеден кұлап кеткен. Оқыс оқиғаның 1-уі Жаңақорған ауданында тіркелсе, қалғаны Қызылорда қаласында болған.
«Оқиға салдарынан 2-6 жас аралығындағы 9 бала зардап шегіп, 1 бала қаза болды. Олардың терезеден құлау дерегі басты себебі ретінде ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруын айтуға болады. Сондай-ақ, терезенің ашық қалуынан, москит торларының берік бекітілмеуінен, балалардың терезе алдында ойнауынан осындай жағдайлар тіркеледі. Сондықтан барлық ересек азаматтардан сақтық шараларына баса назар аударуын сұраймыз», – деді Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бейбітхан Спанов.
Еске салсақ, Қызылордада үш жастағы сәби төртінші қабаттан құлап кетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!