Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың облыс жастарын жұмыспен қамту бағытындағы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і аймақтағы жұмыссыз, NEET санатындағы жастарға және еңбекке құлшынысы жоғары жастарға арналған «Еңбек жасақтары» жобасын жүзеге асырмақ.
Бұл туралы Жастар ресурстық орталығының баспасөз алаңында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Оспанұлы БАҚ өкілдеріне берген брифингте мәлімдеді. Аймақта 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 176 985 (21,4 %) құрайды. NEET санатындағы жастар 7,9% – ды, жұмыссыз жастар 4,0% – ды құрайды.
«Еңбек жасақтарын» құрудың мақсаты:1. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын тапсырмасына сәйкес 100 мың жасты жұмысқа орналастыруға үлес қосу; 2.Жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың санын төмендету;3. Жаңа жас кәсіпкерлердің пайда болуына жан-жақты көмек көрсету;4. Жастардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсету;5. Ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтендіру, жан-жақты қолдау көрсету.
Іске асыру механизмі:- NEET санатындағы және жұмыссыз жастардың базасын жасақтау,- Еңбек жасақтарының ресми жұмыс бастағандығын БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялау;- Еңбек етуге ынталы жастарды тіркеу арқылы тізімін әзірлеу;- Еңбек жасақтарының жұмысын жоспарлап, жергілікті әкімдіктермен нақты жоспар бекіту;- Еңбек жасақтарына қатысушы жастарды ынтасы мен сұранысына сәйкес түрлі еңбек жасақтарына бөлу;- Еңбек жасақтарындағы жастарға арналған арнайы оқытулармен және еңбек адамдарымен кездесулер ұйымдастыру;- Еңбек жасақтарының жылдық қорытынды слеттерін ұйымдастыру, белсенді жастарды марапаттау.
Құрылатын еңбек жасақтарының тізімі. 1. Арал ауданы – Жас балықшылар, фермерлер, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, тігіншілер, аспаздар.2. Қазалы ауданы – Жас теміржолшылар, аспазшылар, балықшылар, құрылысшылар, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары, фермерлер.3. Қармақшы ауданы – Жас егіншілер, қолөнершілер, өндірісшілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары, фермерлер.4. Жалағаш ауданы – Жас егіншілер, тігіншілер, фермерлер, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары.5. Сырдария ауданы – Жас егіншілер, құрылысшылар, тігіншілер, аспазшылар, шаштараздар, фермерлер, ағаш ұсталары.6. Қызылорда қаласы – Жас құрылысшылар, көркейту жасақтары, аспазшылар, шаштараздар, сәндік бағыттағы жасақ, егіншілер, тігіншілер, қолөнершілер.7. Жаңақорған ауданы – Жас егіншілер, құрылысшылар, көркейту жасақтары, аспазшылар, шаштараздар, сәндік бағыттағы жасақ, тігіншілер, фермерлер.
Күтілетін нәтиже:1. Қызылорда облысындағы NEET санатындағы жастар санын 5 %-ға төмендету;2. Қызылорда облысы жастарының «Еңбек жасақтарына» 2022 жылы 1500-ге жуық жасты, ал 2023 жылы 5000-ға жуық жасты тарту;3. Қызылорда облысындағы жұмыссыз жастар санын 3 %-ға дейін төмендету;4. Қызылорда облысының жас кәсіпкерлердің санын 2 есеге арттыру;5. Қызылорда облысындағы жастардың еңбекке тарту арқылы 3000-ға жуық жұмыс орындарын құру.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!