Кісі өлтірді деген күдікке ілінген Қызылорда қаласының тұрғыны халықаралық іздеуге жарияланған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстары барысында ҚР ҚК 99 – бабы 2 – бөлігі (Адам өлтіру) бойынша күдікке ілініп, тергеуден бой тасалап, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласынын тұрғыны ұсталды.
Полиция қызметкерлі нақтылағандай, өткен жылы оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Күдікті қала аумағындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!