Zakon.kz. Аққыр ауылында ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеуге арналған шеберлік сабағы өтті. Ауыл тұрғындары мен қолөнер шеберлері киіз басудың көне әдісін көрсетіп, жастарға үйретті.
Шараның басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан дәстүрді жаңғырту және оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру, деп жазады 24.kz.
Аққырлық әжелер қой жүнін өңдеудің дәстүрлі әдістерін түсіндіріп, оны киіз жасауға пайдалану жолдарын көрсетті.
Мектеп мұғалімі Гүлжайна Ақтау шара арқылы оқушыларға өрнек салып, киізге екінші өмір сыйлау әдісін үйретуді жоспарлап отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, киіз басу тек қолөнер емес, шыдамдылық пен бірлікті де талап етеді.
Ауыл тұрғындары енді бұл дәстүрді мектеп оқушылары арасында тұрақты түрде үйретуді жоспарлап отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
