Қызылорда қаласында «TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы ашылды.

Салтанатты шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда қаласының әкімдігі, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, қаладағы қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдары мен мүгедектігі бар азаматтар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылуында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қолдабеков Асқар Сайлауылы құттықтау сөз сөйледі. Шағын концерттік бағдарламадан соң жоба үйлестірушісі Жарекешова Майра Темірбекқызы Қызылорда қалалық «TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының қызметімен таныстырып, шараға қатысушылар өз ұсыныстары мен жылы лебіз-пікірлерін білдірді.

Алдағы уақытта «TEN QOGAM» орталығында қаладағы мүгедектігі бар адамдармен, барлық мүгедектердің қоғамдарымен бірлесіп, оларға ортаға бейімделуіне жәрдемдесіп, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмектер ұсынылып, бекітілген жоспарға сәйкес мәдени шаралар мен семинар-тренингтер өткізілетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!