Қызылордада жаңа аялдаманы жел ұшырып әкетті. Шыны қондырғы сынған. Оқиға кезінде аялдама ішінде ешкім болмаған, эардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл оқиға туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде «Что? Где? Когда?» тобында жарияланды.
Топ модераторы Әлия Мұсаеваның айтуынша, жаңа аялдама облыс орталығындағы сол жағалауға орнатылған.
«Мердігерлердің сапасыз жұмысы мен тендер өткізу ережелерінің салдары! Қызмет үшін ең төменгі бағаны таңдайды, міне, нәтиже. Адамдардың болмағаны және ешкім зардап шекпегені жақсы болды», – деп жазды ол.
Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық бөліміндегілер ресми жауапта ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын атап өтті.
«Облыс орталығының сол жағалауында орналасқан аялдамада ақау болды. «УАД» ЖШС мердігерлік ұйымы кепілдік мерзіміне сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын арада бұл аялдама толықтай қалпына келтіріліп, нәтижесі қосымша хабарланады», – деді қала әкімдігі өкілдері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!