Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олардың 1-уі оқиға орнында көз жұмса, 2-уі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға 5 маусымда түнгі уақытта Қызылорда қаласындағы Абай даңғылы мен Есенов көшесінің қиылысында болған.
Жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қаққан. Оқиға салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!