Қазақстандық Мағжан Шамшадин Астанада өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте 15-орында тұрған Франция өкілі Седрик Револмен татамиге шықты.
Белдесудің аса тартысты өткені сондай, негізгі уақытта қарсыластар бір-бірін ала алмады. Қосымша уақыттың өзі 7 минут жарымнан асты. Ақыры Мағжан оңтайлы әдіс жасап, жеңіске жетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!