Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Сыр өңірінен облыстық кезеңнің қорытындысымен 10 педагог қатысқан болатын.

Конкурс нәтижесімен 5 мұғалім «Үздік педагог» атағының иегері атанды. Оның ішінде Қызылорда қаласы С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пірмағамбетова Әсел Шаймағанбетқызы бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!