«Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының және «Qosyl» Қалалық жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен бітіруші түлектер мен  жұмыссыз жастар үшін арнайы қала аумағындағы тұрақты және маусымдық негіздегі жұмыс орындары бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Қызмет алуға келген қала тұрғындары мен жастар үшін 18 мекемеден 175 бос жұмыс орнына жұмыс жасайтын азаматтар сұраныс жасады.

Нәтижесінде  маусымдық қызмет көрсетуге «Жасыл Ел» еңбек жасағына 6 адам, тұрақты жұмыс орындарына 7 адам, сұхбаттасуға 5 адам жолдама алды.

Сонымен қатар, барлық азаматтар үшін құқықтық көмек, тұрғын үй алу, мемлекеттік және жергілікті жастар бағдарламаларына қатысу, кәсіпкерлік жобаларға қаржы алу немесе жүзеге асыру, жеңілдетілген 2,5% несие алу және міндетті зейнет ақы қорын ашу, жинақталған қаржыны игеру туралы сұрақтарға кеңес берілді.   

12 азамат өздерінің сұрақтары бойынша мекеме қызметкерлерінен консультациялық көмек алды. Сұрақтардың басым көпшілігі міндетті зейнет ақы қорының қызметкерлеріне қойылды. Бітіруші түлектер жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінен диплом алғаннан кейінгі жұмысқа орналасу және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бойынша сұрақтарына жауап алды.

«Бүгінгі шара жастар үшін өте қажетті және көмегі мол. Биылғы жылы «Электрик» мамандығы бойынша маман атанамын.  Қазір, жәрмеңкеге келіп өзім үшін пайдалы ақпараттар ала алдым. Менің мамандығым бойынша бос жұмыс орындарының тізімін алдым. Екі аптадан соң осы тізім бойынша байланысып жұмысқа орналасуды жоспаралып отырмын» – деді Ким Олег.

Алдағы уақытта осы форматтағы шара жалғасын табатын болады. Биылғы оқу жылында облыс көлемінде барлығы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің өзінен 5624 жас маман бітіргелі жатыр.   

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!