Қызылордалық тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысуда. Т. Есетов атындағы N 264 мектеп-лицейде орналасқан N264 сайлау учаскесінің бақылаушылары да мұны жоққа шығармайды.«Pro bono» қоғамдық қорының менеджері, бақылаушы Сабинур Сейітжанова: « Таңертеңнен бері президент сайлауына дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы қалың. Әсіресе, жастар мен 70-ті, 80-ді алқымдаған ата-әжелер көп. Әрине, бұл қуанарлық жағдай. Себебі өз құқығымызды пайдаланып, ел басшысын таңдауға атсалысу — әр азаматтың міндеті», — дейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!