ЧВК «Редан» деп аталатын топ жайлы хабарлама әлеуметтік желіде көптеп тараған. Сонымен қатар балаларды сауда үйіне жібермеу керегі айтылған хат та ата-аналарды алаңдатып қойды. Хатта «Редан» қатысушылары жиналып, жаппай төбелес шығаратыны туралы айтылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек демалыс күндері ювеналды полицияның профилактика шараларын қабылдағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, 4 наурызда 17:30 шамасында «102» пултіне Бостандық ауданыдағы сауда үйінде жасөспірімдердің жиналғаны туралы ақпарат түскен.
«Жасөспірімдермен заң бұзбау туралы әңгіме жүргізілді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылық тіркелмеді», – деді ол.
«Редан» субмәдениетінің атауы танымал жапониялық комикстен алынған. Олар жиналып, аниме, ойындар секілді түрлі тақырыптарды талқылайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!