Ресей әскерлері Херсондағы қоқыс полигонда қайтыс болған сарбаздарының денелерін өртеп жіберген болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары басылым журналистеріне жүк көліктері қоқысқа үлкен қара қаптарды әкеп төгіп жатқанын, артынша оларды көміп немесе өртеп жібергенін бірнеше мәрте көргенін айтыпты. Олардың сөзінше, “күйдірілген шіріген еттің иісі қолқаны қапқан”.
Херсондықтар нақтылағандай, бұл жағдай полигонның ең шеткері тұсында болған, онда қазір ешкімді кіргізбейді, өйткені аумақ миналар мен жарылмаған снарядтарға әлі тексерілмеген. Сонымен қатар, орыс әскерлері қоқыс полигонына кіреберіске блокбекет орнатқан.
Полигон көрінетін үйдің тұрғындары журналистерге қоқысты өртеу кезінде қою қара түтін көтеріліп, оның жүрек айнытар иісі көпке дейін ауада тұрғанын жеткізген.
Басылымның сұхбаттасушыларының пікірінше, ресейліктер осылайша өз сарбаздарының мәйіттерінен құтылған болуы мүмкін.
«Біздің армия ресейліктерге оқ жаудырған сайын олар сарбаздардың денелерін полигонға апарып өртеп отырды», – деді жергілікті тұрғындардың бірі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!