Ресей Байқоңырдың халқын соғысқа үгіттеп жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.
«Байқоңырдың тұрғындарына Украинаға қарсы соғысу үшін ақша ұсынған», – деп жазады агенттік тілшісі.
Ал қалалық прокуратураның ақпаратында: «Байқоңыр әкімшілігі басшысының 7 ақпан 2023 жылғы № 46 қаулысы бойынша, мобилизацияланған азаматтарға және ерікті түрде соғысқа (Ресей оны «арнайы операция» деп атайды) қатысуға ниет білдірген және әскери қызмет өтеу туралы келісімшартқа отырған Байқоңыр азаматтарына 260 мың рубль көлемінде бір реткі ақшалай төлем қарастырылған», – деп жазылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!