Бүгін Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Атап айтсақ, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Тағы 7 азаматқа «Парасат», 15 азаматқа «Құрмет» ордені, 22 азаматқа «Ерен еңбегі үшін», 2 азаматқа «Шапағат» медалі мен «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Басқосуда облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!