«Қазгидромет» РМК сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметіне жүгінсек, Қазақстанда 20 қыркүйек күні ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында жауын-шашынсыз, түнде тұман түсуі мүмкін. Температура түнде 5-12°, күндіз 17-22° жылы болады.

Алматы, Жетісу және шығыс өңірлерде таулы аймақтарда жаңбыр, кей жерлерде қар аралас жауын күтіледі.

Ұлытау, Павлодар және ШҚО-да күндіз кей жерлерде бұршақ, найзағай, қатты жел байқалады. Температура түнде 2-10°, күндіз 13-20° шамасында.

Оңтүстік және батыс өңірлерде – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенегізінен жауын-шашынсыз, күн жылы әрі ашық болады. Күндіз 23-29°-қа дейін көтеріліп, еліміздің ең жылы аймағы болып қала береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!