«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, бұршақ, аяз және найзағай болады деген болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбеде найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады деп күтіліп отыр.

Қарағандыда топырақ бетінде 1 градус аяз болады деп болжанып отыр.

Қарағанды облысында аяз, тұман және өрт қаупі жоғары болады.

Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ, жел және жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.

Қызылорда облысында шаңды дауыл, жел және өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.

Абай және ШҚО облыстарында екпіні 15-20 м/с жел, 3 градус аяз және өрт қаупі жоғары болады деп болжануда.

Атырау, Атырау және Жетісу облыстарынданайзағай, жел және өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Семей, Жезқазған, Өскемен қалаларында және Ұлытау облысында өрт қаупі жоғары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!