Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағандыда найзағай күтіледі.

Семей мен Павлодарда найзағай мен 15-20 м/с жылдамдықтағы екпінді жел болады.

Қостанай мен Түркістан облыстарында жел соғып, өрт қаупі жоғары болады.

Ақтау, Қызылорда және Жезқазған қалаларында өрт қаупі жоғары күйінде қалып отыр.

Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауылды жел, қатты жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ұлытау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында 40градусқа дейін аптап ыстық және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!