Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы шешуші сында АҚШ-қа қарсы ойнайды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қыздарымыз Будапештегі Олимпиадада ойындарының 10-шы турында Грузиямен тең түсті. Екі команда арасындағы барлық ойын тең аяқталды (2-2). Бұл турда Қазақстан сапынан Бибісара, Алуа, Меруерт пен Ксения өнер көрсетті. Осылайша, Қазақстан мен Үндістан әйелдер командасы 17 ұпайдан жинап, көш басында тұр. Ал Польша мен АҚШ-та 16 ұпайдан. Армения мен Испанияда 15-тен. Енді қыздарымыз шешуші турда АҚШ-қа қарсы ойнайды.
Сондай-ақ, Қазақстан ерлер құрамасы да Хорватия командасынан басым түсті. Жеңістің тағдыры Әлішер Сүлейменов пен Саша Мартинович арасындағы ойында шешілді. Ұлттық құрама шахматшысы сенімді ойын мәнерінің арқасында қарсыласынан айласын асырды. Ал қалған 3 отандасымыз (Қазыбек Нөгербек, Алдияр Аңсат пен Рамазан Жалмаханов) тең ойнады. Қазір команда еншісінде 14 ұпай бар (7 жеңіс, 3 жеңіліс).
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!