«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 13 қазанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында түнде ауа температурасы -3…-9 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…+5° жылы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында күн жылы әрі шуақты болады.
Алматы мен Қонаев қалаларында +20…+22°, ал Талдықорғанда +15…+17° жылы болады. Кей жерлерде түнде аздап жаңбыр жаууы мүмкін, таулы аймақтарда тұман түсуі ықтимал.
Оңтүстік өңірлерде – Түркістан мен Қызылорда облыстарында жаңбырсыз, күн ашық. Ауа температурасы түнде +8…+13°, күндіз +22…+25° жылы. Ал Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында түнде тұман түсіп, кей жерде өткінші жаңбыр жауады, күндіз +15…+20° жылы болады.
Ұлытау мен Қарағанды облыстарында жауын-шашынсыз, бірақ суық болады: түнде -5…-9°, күндіз +2…+7° аралығында.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында түнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!