Шымкентте олимпиадаға қатысушы балалардың жаппай улануына қатысты қалалық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, 14 мектеп оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түскен.

Белгілі болғандай, олимпиадаға келген балалар өздері уақытша тұрған үш жатақханада ғана емес, сыртан да тамақтанған.  Дәрігерлердің сөзінше, студенттер фастфуд пен теңіз өнімдерін жеген.  Олардың нақты неден уланғаны анықталып жатыр, сараптама жүргізілуде.

Мектеп оқушыларының бірі ауыр желшешекпен ауруханаға түскені белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, вирусты жұқтыру шамамен 10 күн бұрын болған. Барлық балалардың жағдайын қазір дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Ертең оларды үйлеріне шығару жоспарлануда.

 «Барлық балаларға дереу медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде балалардың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызлары түсті. Балалардың айтуынша, олар бургер, суши, салат, сорпа, шоколад жеген. Яғни, өнімдердің сан алуан түрі тұтынған. Олар сапарға шыққанда пойызда да тамақтанған. Олимпиада 20-сы күні басталды, яғни 19 наурызда балалар келіп үлгерді», – деді Инна Глазебная, бөлім басшысы.

Республикалық олимпиадаға Қостанай, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларынан 900-ге жуық оқушы Шымкентке келгені хабарланды.  Ауруханада жатқан оқушылар олимпиаданың бірінші турынан өткен.

«Бұл жерде балалардың ешқандай кінәсі жоқ. Біз жағдайды баланың пайдасына шешіп жатырмыз. Уланған балалар олимпиаданың бірінші турына қатысып үлгерді. Бірінші турдың қорытындысы шықты. Олимпиада жалғасуда. Уланған балалардың үшінші орын алуға мүмкіндігі бар. Қазір тексеру жүргізілуде, бұл жағдайға қатысы бар барлық адамдар жазаланады «, – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Балалар тамақтанатын үш жатақханадағы асханаға бір жеткізуші қызмет көрсетеді.  Азық-түлік үлгілері талдауға жіберілді. Нәтижесі 27 наурызда белгілі болады.

Бұған дейін уланған балалардың арасында Қостанай облысынан Шымкентке келген 10 оқушының бар екені белгілі болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!