Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста тұман түседі.
Қазақстанның барлық аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының батысында, шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында өрт қаупі өте жоғары болады деп болжанып отыр.
Қалалар бойынша температура болжамы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 23-25 градус жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық. Қонаевта: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 25-27 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 6-11 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 34-36 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 35-37 градус ыстық.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде найзағай кезінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус ыстық.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, таңертең және күндіз тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 17-19 градус жылы.
Ақтөбеде күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы – 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 22-24 градус жылы.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 6-11 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 1-6, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 19-21 градус жылы.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.
Қызылордада ауа райы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 35-37 градус ыстық.
Тараз қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус ыстық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!