Бейсенбі, 8 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, бұршақ жауады, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тек елдің шығысында күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы облысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.
Түркістан облысының батысында, шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының батысында өрт қаупі өте жоғары болады. Қалған аймақтардың барлығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қалалар бойынша температура болжамы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус ыстық.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус ыстық.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус ыстық.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 32-34 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 32-34 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 33-35 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус ыстық.
Оралда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27 градус ыстық.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус ыстық.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 градус жылы.
Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 градус жылы.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 18-20 градус нөлден жоғары.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 29-31 градус ыстық.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 градус ыстық
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус ыстық.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 26-28 градус ыстық.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус ыстық.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұрқасын, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 34-36 градус ыстық.
Таразда күндіз көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 35-37 градус ыстық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!