2023 жылдың 17 наурыз күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде «22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» қарсаңында жазасын өтеуші жастарға сала мамандарының қатысуымен «Ашық есік» күні өтті. «Ашық есік» күніне Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Раушанбекұлы Қамбаров, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары Гүлназ Базарбайқызы Айдарбекова, Облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Махмут Алмас, адвокат Асқар Жамалбек, Астана қаласының Заң консультанттар палатасының Заң консультанты Нұрсұлтан Байменов, Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Қосбергенова, Әділет департаментінің филиалы «Қызылорда қаласының №2 сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» сот орындаушысы Гүлнұр Есентай, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызылорда облыстық филиалының маманы Асылхан Балмаханов, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-нің бас маманы Әуелбек Исаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Ашық есік күнінде сала мамандары жазасын өтеуші 110-нан аса жастарға құқықтық сауаттылық, соттылықтың құқықтық табиғаты мен жаза тағайындаудың негіздерін және қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары, соттылығы бар азаматтардың жұмысқа орналасуы, кәсіп бастаудың алғашқы тетіктері, адвокаттың тегін құқықтық кеңесі және басқа да бірқатар маңызды ақпараттар мен кеңестер берді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!