Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. 

«Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Агенттік өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын ескертті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!