Фото: SpaceX
Falcon 9 зымыран тасығышы ғаламдық Интернет қамту жүйесінің Starlink орбиталық тобын аяқтау үшін 23 шағын жерсеріктің кезекті партиясын орбитаға сәтті шығарды. Бұл туралы SpaceX хабарлады, деп жазады KAZINFORM.
Зымыран АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі 40-шы ұшыру кешенінен 30 қазанда жергілікті уақыт бойынша 17:10-да ұшырылғаны атап өтілді. Шамамен бір сағаттан кейін спутниктер зымыранның екінші сатысынан бөлініп, орбитаға шықты.
Осы оқу-жаттығу аясында зымыран тасығыш 14-ші ұшуынан кейін Атлант мұхитындағы A Shortfall of Gravitas теңіз платформасына тік қонды.
Ақпарат үшін, Starlink жобасы аясында SpaceX 2019 жылдың мамыр айынан бастап осындай 7200-ден астам жерсерікті ұшырды. Олардың кейбіреулері сәтсіздікке ұшырады немесе орбитадан қайта оралды. Қазір орбитада 6500-ден астам құрылғы бар.
SpaceX – әлемдегі ең ірі спутниктік оператор. Starlink интернет желісі Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Азия, Африка және Австралия сияқты 72 елдегі пайдаланушылар үшін қолжетімді. Пентагонның мәліметінше, бұл спутниктік қызметтерді АҚШ әскерилері де белсенді пайдаланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!