«Сыр Медиа» серіктестігіне қарасты республикалық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы қызметіне Дәулет Қырдан тағайындалды.
Дәулет Тұрсынханұлы 1990 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын республикалық «Табиғат тынысы», аймақтық «Ұстаз мәртебесі» газеттері мен республикалық «Әлімсақ» журналынан бастап, 2012-2014 жылдары облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында журналист, «Қоғам тв» телеарнасында редактор-журналист, «Аптаның алты ауызы» ақпаратты сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, 2014-2016 жылдары облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі, 2016-2017 облыстық «Сыр бойы» газетінде аға тілші, 2017-2018 жылдары «Қоғам тв» телеарнасының редакторы қызметін атқарса, 2018-2019 жылдары «Қармақшы таңы» газетінің жауапты хатшысы, 2019-2021 облыстық «Сыр бойы» газетінде жауапты хатшының көмекшісі, тілші болып жұмыс істеді. Ал 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.
«АЖ» ақпарат
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!