17 қараша – Студенттер күніне орай, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Садақ ату» ұлттық спорт түрінен турнир өтті.

«RUH» спорт клубында өткен сайысқа қаламыздың оқу орындарынан 50-ге жуық студенттер қатысып  бақ сынады.

Сайыскерлер 2 топқа бөлініп (қыз балдар және ер балалар) сынға түсті.

Мергендік және садақ ату ежелден қазақтың ұлттық спорты десек артық емес. Бұл шара салауатты өмір салтын сақтау, оларды басқаларға үлгі ету, ұлттық спорт түрлерін жастар арасында насихаттауға бағытталып отыр, – дейді «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза.

Сайыс қортыныдсына сәйкес «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы жеңімпаздарды марапаттап, оларға алғыс хат, медаль және «RUH» спорт клубына тегін сертификат табыстады.

І орын – Пернебай Ақәділ (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

Универститетінің 1 курс студенті)

ІІ орын – Есенбек Бекзат («Өркениет» медициналық колледжінің 2 курс студенті)

ІІІ орын – Джусунов Еркебұлан («Өркениет» медициналық колледжінің 3 курс студенті)

Қыз балалар арасында👧🏼

І орын – Айымжан Жамбыл («Өркениет» медициналық колледжінің 3 курс студенті)

ІІ орын – Балтабай Сүйкім (М. Маметова атныдағы Қызылорда педагогикалық колледжінің 3 курс студенті)

ІІІ орын – Айсулу Алимханова (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Универститетінің 1 курс студенті)

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!