Фото: kazchess.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 тамызда Астанада Рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты аяқталды. Турнирде KazChess командасының намысын қорғаған біздің әйелдер құрамамыздың көшбасшысы Бибісара Асаубаева турлар барысында тамаша нәтиже көрсетті.

20 жастағы спортшы рапидтің 9-шы раундында Қытайдың Decade China Team командасының мүшесі, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңді. Бұл матч белгілі бір дәрежеде Қытай құрамасы үшін тағдыршешті болды, өйткені Цзюйдің жеңіліс табуы оның командасына арабтың Al-Ain ACMG UAE командасын жеңуге мүмкіндік бермеді, сөйтіп ол 12 турдан кейін рапид бойынша чемпион атанды.

Мен қара фигуралармен ойнадым. Қытайдың командасы өте күшті, сондықтан жақсы ойын көрсеткім келді. Бұл алғаш рет тікелей ойнаған партиямыз болды, оған дейін біз тек онлайн кездестік. Мен жақсы партия ойнай алдым деп ойлаймын, бір кезде сапаны құрбан етіп бастама үшін ойнадым, бірақ ақырында айламды асырып, оны жеңе алдым, – деп Асаубаева матчтан кейін эмоциясын бөлісті.

Сонымен қатар турнир барысында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Украинадан келген гроссмейстер, рапидтен 2014 жылғы әлем чемпионы және блицтен екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016 жыл) Анна Музычукты екі рет (рапид және блицте) жеңді. Бірақ олардың блицтегі үшінші кездесуінде жеңіс украиналық қызға бұйырды.

Жалпы алғанда, командалық әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар жауынгерлік рух танытып, жеке есепте 13 медальге ие болды. Астанада өткен сайыста бәсекелестіктің аса жоғары деңгейі ойыншылар арасында 81 гроссмейстер және 3 әйел гроссмейстердің, сондай-ақ 30 халықаралық шебердің болуымен анықталды. Сонымен, Асаубаева рапидте күміс медаль және блицте қола медаль жеңіп алды (7-ші тақта). ФИДЕ әлемнің үздік шахматшыларының жаңартылған рейтингін шығарды (классика, рапид и блиц). Қыздар арасындағы «блиц» саласында қазақстандық 4 шахматшы қыз: Асаубаева Бибісара (№1), Қамалиденова Меруерт (№3), Нұрман Алуа (№5) және Балабаева Ксения (№6) топ-10 қатарына енді. Блицте де, рапидте де Бибісара 20 жасқа дейінгі қыздар арасында топ жарып отыр, классикада 2ші орында:

Сүйінші! Бибісара Асаубаева шахматтан қазіргі әлем чемпионын жеңіп шықты

Қазір Қазақстан құрамасы 10-23 қыркүйек аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін Шахмат олимпиадасына мықтап дайындалып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!