Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде Қызылорда облысының автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылған іс-шаралар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі офицер қызметінің жұмыс сапасы талқыланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жоспары, жол жүру қауіпсіздігіне қатысты шаралар, бұрын сотты болғандарға, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуде атқарылған жұмыстар сараланды.
Басқосуда жол сапасына қатысты анықтаған кемшіліктерді жою бойынша бекітілген, Үкімет қаулысымен белгіленген іс-шаралар жоспарын уақтылы әрі сапалы орындау міндеті жүктелді. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу тапсырылды.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары себептеріне талдау жүргізіп, кешенді іс-шаралар бекітіп, оның орындалуын қамтамасыз ету, қауіпті аймақтарға, жылдамдығы қарқынды жолдарға тежегіш жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнату, тұрақты рейд жүргізу міндеттелді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!