Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды.
Сырдарияға шомылуға барып, батып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Әзірге 11 адамның 8-інің денесі табылды. Олардың төртеуі 16 жасқа дейінгі балалар болса, қалған төртеуі – ересектер. Іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі – жасөспірімдер.
«Сағат 21:00-де жағадан 30 метр қашықтықта бір адамды таптық. 22:50 тағы бір адамның денесі жағадан 6 метр қашықтықтан табылды. Оқиға орын алған аумақтан 100 метр жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда», – делінген Түркістан облысы ТЖД-нің ақпаратында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!