Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова такси жүргізушілерін зейнетақымен қамту мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлік такси қызметін ұсынатын операторлармен келіссөзжүргізуді бастады. Жүргізушілер зейнетақы жарнасын аудара бастайды деп жоспарлап отырмыз.»Мысалы, Ресей пилоттық жобаны бастады. Ол жақта такси платформасының операторлары, соның ішінде Яндекс.Такси өз жұмысшылары үшін әлеуметтік аударымдаржасай бастады. Ол ақша такси жүргізушілердің операторға төлеген қаржысының есебінен аударылады. Сосын Кореяда тура сондай бағдарлама іске асып жатыр. Қытайда бар, Еуропа бастады. Біз операторлармен кездесіп, осы мәселені талқылауға кірістік», – деді Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында.Министрдің айтуынша, келіссөз нәтижесі бойынша барлық ақпарат жарияланады.
Үкімет осы мәселені шешуге мүдделі.»Себебі такси жүргізуші кез келген уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал оған жұмыссыз қалғаны үшін жәрдемақыны кім төлейді? Техниканың аты техника ғой, жолда жүреді. Ал апатқа ұшырап, мүмкіндігі шектеулі азамат болып қалса, оған әлеуметтік сақтандыру қорынан бір тиын төленбейді ғой. Сондықтан оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін операторлармен шешуіміз керек», – деп атап өтті Дүйсенова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!