Алматы облысы Талдықорған қаласындағы полиция қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде мерт болған сарбаз Айбат Амановтың өлімінің мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары қазақстандықтардың азаматтық борышты орындап сарбазды өлтіргендерді анықтауға көмек сұрайды.
Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеп жүрген 19 жастағы жас жігіт 5 қаңтарда Талдықорған қаласының орталық алаңында қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқан.
Әскери қызметкерді аяусыз соққыға жыққан, мұны оның денесінен табылған соққы іздері растайды.
«Факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7,9,15 тармақтары (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Біз куәгерлерді және оның өлімі туралы қандай да бір мәліметі бар кез келген адамдарды азаматтық борыш танытып, күдікті тұлғаларды анықтауға көмектесуін сұраймыз. Жеке тұлғаларыңыз жария етілмейтінін және ақшалай сыйақы берілетініне кепілдік береміз», – деп атап өтті Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!