Соңғы 5 жылда Талдықорғанда 360 пәтер жеке тұлғалар мен белсенді мемлекеттік қызметкерлерге құжатсыз берілген. Бұл туралы қала әкімі Әсет Масабаев журналистермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, қазір заңсыз баспана алғандардың пәтерлерін тәркілеу процесі жүріп жатыр. Ары қарай оларды ресми пайдалануға беру ұсынылады.

«Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына тағы 748 құжатсыз пәтер берілген. Бұл тізім мұрағаттық мәліметтермен нақтылануда. Оның ішінде 298 тұрғын үй саяжайда, 450 пәтер көп қабатты тұрғын үйлерде орналасқан», – дейді Әсет Масабаев.

Талдықорған әкімі қазіргі таңда 96 сот ісі қаралып жатқанын айтты. Белгілі болғандай, 2015-2021 жылдар аралығында Талдықорғанда 1300-ден астам пәтер мен үй заңсыз берілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!