Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутатының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану шегін төмендету труралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр зейнетақы жинағын пайдаланудың шегі белгіленген болатын. Ол ақшаны халық емделуге және баспана жағдайын жақсартуға пайдалана алды. Енді сол формула жұмыс істейді. Тек, пайдалану шегі көтерілді. Өйткені бұл минималды еңбекақы мөлшерінің деңгейінен туындап отыр. Мен ондай ұсыныстарды естідім. Бұл мәселе бойынша қазір жұмыс тобы Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен бірге жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біз мұны жұмыс тобында қарайтын шығармыз», – деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуді ұсынып, Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!