Дәл қазір әлеуметтік желіде актриса Гүлбаһрам Байбосынованың жеке өмірі қызу талқығы түсіп жатыр. Ол өзінен 10 жас кіші жігітпен көңіл жарастырып, күні кеше некесін қидырған, деп хабарлайды Экспресс К

Гүлбаһрам Байбосынованың таңдауы жас актер Қазбек Төленге түскен. Қос ғашық жеке өміріндегі жағымды жаңалықты өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Өзінен 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан актриса да бақытты екенін айтып, сүйіктісінің постына жазба қалдырды.

Алла разылығы үшін жақсы көремін,

— деп жазды актриса Гүлбаһрам Байбосынова.

Айта кетейік, Гүлбаһрам Байбосынова — әйгілі дәстүрлі әнші Қайрат Байбосыновтың қарындасы. Актриса 1987 жылы Қарағанды өңірінде дүниеге келсе, оның сүйіктісі Қазбек Төлен 1997 жылы Қызылорда облысында туған. Олар — махаббаттың жас талғамайтынын дәлелдеген жұптардың бірі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!