«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы елімізде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды іс-шара.

Аталған жоба Қызылорда облысында кеңінен қолдау тауып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Елді мекендердің тұрғындары, қоғамдық қызметкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартуға атсалысуда. Сонымен қатар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Көшеттер отырғызылып, ағаштар әктелді.

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасына қызылордалықтар белсенділік танытуда

Жасыл аймақтарды көбейту және тазалықты сақтау бағытында жергілікті мекемелер белсенді түрде еңбек етуде. “Жасыл Қызылорда” мекемесінің мамандары Қызылорда қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы бойында жасыл желектерді күтіп-баптап, көктемгі егу жұмыстарына қызу дайындалуда. Қазіргі таңда топырақтың құнарлылығын арттыру үшін арнайы көңмен байытылған құм төселіп жатыр. Бұл іс-шаралар егілетін өсімдіктердің жақсы өсуіне және қала экожүйесінің жақсаруына ықпал етеді. Жақын арада бұл аумаққа мекеменің жылыжайында бапталған көпжылдық гүлдер отырғызылмақ. Сондай-ақ, қала көлемінде арық жүйелерін тазалау және көгалдарды күтіп-баптау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасына қызылордалықтар белсенділік танытуда

Тазалық жұмыстарына “Қызылорда тазалығы” мекемесі де белсене атсалысып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыс жинау, абаттандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарына таза әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, шаһар аумағы абаттандырылуда.

Қала аумағында ұйымдастырылған сенбілікке барлығы 24 мекемеден 218 адам қатысып, 20 техника (7 арнайы қоқыс жинайтын техника, 4 трактор, 5 камаз, 4 жүк тиегіш) жұмылдырылды. Нәтижесінде орталық полигонға 120м3 қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасына қызылордалықтар белсенділік танытуда

Сырдария ауданы тұрғындары да сенбіліктер ұйымдастырып, жоғары белсенділік танытты. Осылайша «Таза Қазақстан» жобасы аудан орталығы Тереңөзек кентінде жалғасын тапты.
Аудан тұрғындарының демалыс орнына айналған «Орталық саябақ», «Тағзым» алаңы, орталық алаңдағы кіші архитектуралық формалар, кент көшелері мен арықтары тазалану жұмыстары жүргізілді. Жаңаша өзгеріп жатқан «Тағзым» алаңындағы арықтар қайта қазылды. Экологиялық жобасы жалпы 500-ден аса адам және 6 техника қатысып, 36 текше метр қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасына қызылордалықтар белсенділік танытуда

Айта кету керек, облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы басталғаннан бері облыстың 730 000-ға жуық тұрғыны қатысты. 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 505 сквер мен саябақ, 225 тарихи мәдениет ескерткішінің аумағы, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су нысаны, 47 451 аула мен көше тазартылды.

«Таза Қазақстан» жобасына қатысу арқылы әрбір азамат өз аумағын таза ұстап, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге үлес қосады. Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадам.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!