Тіл – ұлтты біріктіретін, халықтың сан ғасырлық руханияты мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін басты құндылық.
Қазақстан халқы тілдері күні 2018 жылға дейін 22 қыркүйекте тойланатын. Кейін Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» № 689 қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек – халқымыздың тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған, ұлт ұстазы, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып, Қазақстан халқы тілдерінің күні болып аталып келеді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті.
– Шын мәнінде, тілдер мерекесі – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Осы орайда, Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Апталықтың алғашқы шарасы – 3 қыркүйек күні, қазақ тіл білімінің ғалымдары Әбдуали Қайдар мен Рәбиға Сыздықтың туғандарына – 100 жыл, Шайсұлтан Шаяхметовке – 85 жыл толуына орай қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, оқытушылары, сала мамандарының арасында «Ғылымдағы ғұмырлар» тақырыбында облыстық, республикалық деңгейдегі ғалымдардың дәріс сағаттарынан басталды. 5 қыркүйек күні тіл мерекесіне арналған «Тілі бірдің – тілегі бір» атты салтанатты шара, «Тіл – тірегім, Қызылорда – жүрегім» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы, «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты дөңгелек үстел, «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты пікірсайыс турнирі, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында мектеп және колледждерде пікірсайыс алаңдары, этнос өкілдерінің қатысуымен «Қазақшаңыз қалай?» байқауы және «Менің тілім – қазақ тілі» мәнерлеп оқу сайысы, жастар арасында «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы өткізілетін болады, – деді басқарма басшысы.
6 қыркүйек күні Достық үйі ғимаратында «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты дөңгелек үстел, балабақшаларда «Тілді сүю – талбесіктен» атты акциясы, 7 қыркүйек күні балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Арбат» бойында аквагрим шарасы, 10 қыркүйек күні А.Тоқмағанбетов атын дағы Мәдениет үйінде «Рухани болмысты жаңғырту – ұрпақ ұлағаты» атты облыстық ділмар шешендер байқауы өткізіледі.
Жалпы, жоспар аясында меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер мен ұйым дарда тілдер күніне арналған жиындар, дөңгелек үстелдер, тіл жанашырларын марапаттау шаралары ұйымдастырылады.
Сондайақ, облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін барлық мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде тілдер күніне орай ашық сабақтар, мәнерлеп оқу байқаулары, пікірсайыстар ұйымдастырылып, облыс кітапханаларында «Тіл – ұлттық қазына», «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі», «Тіл – асыл қазына», «Тіл – ұлттың жаны, әр халықтың байлығы» тақырыптарында кітап көрмелері өткізіледі. Басқарма басшысы мерекеге орай аудандарда ұйым дас тырылатын шараларға тоқталды.
Атап айтсақ, Арал ауданында «Тілім сенсің – тірлігімнің қуаты» атты тренинг пен «Ана тілім – дана тілім» интеллектуалды сайысы, Қазалы ауданында «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты мақал-мәтел сайысы мен «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты білімпаздар сайысы, Қармақшы ауданында жазба ақындар мүшәйрасы және «Ана тілім – ардақтым» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, Жалағаш ауданында мем лекеттік қызметкерлер арасында «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбында интеллектуалды сайыс пен «Тіл – бірліктің тірегі» атты мерекелік концерт, Сырдария, Шиелі аудандарында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты салтанатты мерекелік шаралар, Жаңақорған ауданында тіл жанашырлары мен өзге ұлт өкілдерін аудан әкімінің мерекелік қабылдауы, «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» тақырыбында салтанатты мерекелік шаралар және Қызылорда қаласы мен аудандарда «Өз тілің – бірлік үшін», «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі», «Тіл – ұлт қазынасы» тақырыптарында әдеби-танымдық кештер, тағы да басқа шаралар өткізіледі.
Баспасөз конференциясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылым дарының кандидаты Алдажар Әбілов қазақ тілі әлем тілдерінің ішіндегі ең көркем әрі қуатты тіл екенін айтып, ерекшелігіне тоқталды.
«АЖ» ақпарат
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!