Ұстау изоляторы қаланың Жетісу ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде орналасқан.
Жанжалдың ортасында болған әнші Төреғали Төреәлі қазір қоғамдық тәртіпті бұзушыларға арналған арнайы абақтыда отыр. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады, – деп хабарлайды Tengri Life.
«Алматы қаласы бойынша СІМК-нің 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулысына сәйкес, бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін полиция қызметкерлері ұстаған азамат А. әкімшілік құқық бұзушылар жататын изоляторда жатыр», – деп хабарлады бір күн бұрын тәртіп сақшылары.
Ұстау изоляторы қаланың Жетісу ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде орналасқан. Біздің редакция мекенжайға барып, бұл «шағын түрменің» не екенін анықтады. Ғимарат сыртында тікенек сыммен, биік дуалмен қоршалған. Қоршаудың ар жағынан ештеңе көрінбейді.
Мекеме аумағына зәулім темір қақпа арқылы кіруге немесе бақылау-өткізу бекетінен өтуге болады. Нысанда адамдардың қозғалыс процесі өте қатаң бақыланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!