Фото: ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Астанада «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аясында тоғызқұмалақтан финалдық кезең өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды. Әйелдер арасында: Мөлдір Серікқызы алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде алды.

Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов алтын медаль, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!