Бүгін, 14 қарашада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге үндеу жасап, деп хабарлайды «Адырна«.

Президент табысты кәсіпкерлерді өз туған ауылдары мен өңірлерінің дамуына үлес қосуға шақырды.

«Әкімдер акционерлік қоғамдар мен кооперативтердің өнімдерін ірі компаниялармен келісімшарт жасай отырып, қолдау көрсетуі керек. Жалпы, ауылға жеке инвестицияларды тарту өте маңызды. Бизнес өкілдері бұл процессқа белсенді қатысуы тиіс. Табысқа жеткен кәсіпкерлердің туған ауылдары мен өңірлердің дамуына қосқан үлесі олардың гүлденуіне септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, барлық еңбекқор және мақсатты азаматтар күнделікті қажырлы еңбегімен қадам-қадаммен ұлттық байлықты арттырып, елдің болашағын құрып келеді.

«Мұндай пайдалы қызметке жағдай жасау, шынайы патриоттарды қолдау қажет. Біз осы бағытта жұмыс істейміз», – деп атап өтті Президент.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!