«Қазгидромет» 25 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер елдің барлық өңірінде және республикалық маңызы бар қалаларда қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана

  • тұман, жолдарда көктайғақ

Алматы

  • Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін
  • тұрғындарға қар басқан беткейлерге шықпау ұсынылады

Шымкент

  • желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін

Түркістан облысы

  • солтүстігінде шаңды дауыл
  • жел секундына 15–20 метр, күндіз екпіні 23 м/с дейін

Түркістан қаласында – 15–20 м/с

Ақмола облысы

  • өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман, жолдарда көктайғақ

Ұлытау облысы

  • солтүстігі мен шығысында тұман

Маңғыстау облысы

  • жаңбыр, найзағай, тұман және шаңды дауыл
  • желдің екпіні 15–20 м/сАқтауда – тұман

Қарағанды облысы

  • батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман

Қарағанды қаласында – тұман

Атырау облысы

  • солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай
  • батысында тұман
  • желдің екпіні 15–20 м/с

Атырауда – жаңбыр және найзағай

Жетісу облысы

  • солтүстігінде және таулы аудандарда тұман
  • Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 23–28 м/с

Абай облысы

  • солтүстігі мен орталығында тұман

Жамбыл облысы

  • оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман
  • жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін

Таразда – тұман және 23 м/с дейінгі екпін

Шығыс Қазақстан облысы

  • солтүстігі мен шығысында тұман

Өскеменде – тұман

Батыс Қазақстан облысы

  • батысында, солтүстігінде және шығысында тұман
  • желдің екпіні 15–20 м/с

Оралда – тұман

Павлодар облысы

  • оңтүстігі мен батысында тұман

Қостанай облысы

  • шығысы мен оңтүстігінде тұман

Ақтөбе облысы

  • желдің екпіні 15–18 м/с

Солтүстік Қазақстан облысы

  • батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман
  • желдің екпіні 15–20 м/с

Петропавлда – тұман және 20 м/с дейінгі екпін

Қызылорда облысы

  • шығысы мен орталығында шаңды дауыл
  • желдің екпіні 15–20 м/с

Қызылордада – шаңды дауыл

  • Су басу қаупі (25–27 наурыз)

Синоптиктер ықтимал тасқындар туралы да ескертеді:

  • Ақмола облысы – қардың еруі, су деңгейінің көтерілуі, су басу қаупі бар
  • Павлодар облысы – мұздың әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі
  • Солтүстік Қазақстан облысы – су деңгейінің көтерілуі және жолдарды су басуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!