4 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман болады. Алакөл маңында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ болжанды.
Түркістан облысының таулы аймақтарында көктайғақ болмақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.
Шымкентті де тұман басады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. Петропавлда бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Қонаевта түнде және таңертең тұман болады.
Алматыда түнде және таңертең тұман.
Астанада кей жерлерде көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Жезқазғанда кей жерлерде сондай болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман.
Қарағанды облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік бөлігін де тұман торлайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Абай ауданының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ . Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысында да көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде тұман болмақ.
4-6 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аймақтарына тұман түседі. 5 қаңтарда облыстың таулы аймақтарында көктайғақ болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!